21 қазан бойынша ауа-райы болжамы
21 қарашада еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы орнайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, бұрқасынмен бірге қар жауады, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, көктайғақ болады. Түнде термометрлер -2...-4 градусты, күндіз -1...+1 градус көрсетеді.
Алматыда жауын жауады, жел 3-8 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +8...+10 градус болады.
Шымкентте жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус болады.
Ақтау жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде термометрлер +3...+5 градус, күндіз +11...+13 градус шамасында сақталады.
Ақтөбеде желдің жылдамдығы 1-6 м/с болатын жауын-шашынды күтуге болмайды. Түнде термометрлер -3...-5 градус, күндіз 0...-2 градус жылы болады.
Атырау жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде термометрлер +1...+3 градус жылы, күндіз +5...+7 градус болады.
Жезқазған жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде термометрлер 0...-2 градус, күндіз -1...+1 градус көрсетеді.
Қарағандыда жаңбыр қарға айналады, желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде термометрлер - 1...-3 градус, күндіз ауа температурасы -1...+1 градус көрсетеді.
Көкшетауда қар жауып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде термометрлер -4...-6 градусты, күндіз 0...-2 градусты көрсетеді. Аймақтың басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ болады.
Конаевта күн бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 18 м/с дейін жетеді. Түнде термометрлер +2...+4 градус, күндіз +8...+10 градус көрсетеді.
Қостанай жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с; Түнде термометрлер -3...-5 градус, күндіз 0...-2 градус болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде бұрқасын мен көктайғақ болады.
Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде термометрлер 0...-2 градус аязды көрсетеді, күндіз +5...+7. Облыстың оңтүстік және батыс аймақтарында қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
Петропавлда көшпелі бұлт жүреді, қар жауады, жел жылдамдығы 15-20 м/с. Түнде термометрлер -5...-7 градус, күндіз 0...-2 градус жылы болады.
Семейде қар жауып, жел жылдамдығы 15-18 м/с дейін жетеді. Түнде термометрлер 0...-2 градус, күндіз +2...+4 градус көрсетеді. Қарлы боран мен көктайғақ облыстың батыс, орталық және солтүстік елді мекендерін аралайды.
Талдықорғанда жауын жауып, жел жылдамдығы 3-8 м/с құрайды. Түнде термометрлер -1...+1С градус, күндіз +7...+9С дейін көрсетеді.
Тараз жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде термометрлер 0...+2 градус, күндіз +6...+8 градус көрсетеді. Облыстың таулы аймақтарында көктайғақтан сақ болған жөн.
Түркістан жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде термометрлер 0...-2 градус, күндіз +9...+11 градус көрсетеді.
Оралда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде термометрлер 1...-3 градус, күндіз +2...+4 градус көрсетеді.
Өскеменде күн бұлтты, қар жауады, желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде термометрлер 0...-2 градус аязды сақтаса, күндіз +2...+4 градусқа біршама жылынады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні кезеңі басталды.