21 қазанға арналған ауа-райы болжамы
8 облыста дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың бірқатар елді мекендерінде жауын жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.
Болжам бойынша Қостанай облысының солтүстік және шығыс бөлігіне таңертең және түнде тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктерінде түнде найзағай ойнап, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысы да қолайсыз ауа райы құбылыстарының ықпалында болады: мұнда таңертең және күндіз найзағай ойнап, жел 20 м/с күшейеді. Шымкент пен Түркістанда күндіз найзағай ойнайды.
Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігін түнде тұман басады, шығысында жауын жауады. Ұлытау облысында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен батысына түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбе облысында жауын-шашын жауады.
Жамбыл облысында да қолайсыз ауа райы орнайды: тауларда, сондай-ақ облыстың батысы мен солтүстік-шығысында күн күркіреп, жел екпіні 23 м/с жетуі мүмкін. Таңертең және түнде облыстың батыс және шығыс бөлігіне тман түседі.
Ауа-райы тосын-сыйларына дайын болыңыз.