22 қаңтарда Қазақстанда ауа-райы күрт бұзылады

Снег фото на taspanews.kz от 22 января 2025 08:35
Фото: Pixabay.com

22 қаңтарда Қазақстанда ауа-райы күрт бұзылады Сәрсенбі, 2025 жылдың 22 қаңтарында Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


Синоптиктердің болжауынша, еліміздің барлық аумағында ауа-райының айтарлықтай нашарлауы күтілуде.


Ұлытау облысында түнде қалың қар жауып, боран соғады, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде жел секундына 23-28 метрге дейін күшейіп, кей жерлерде секундына 30 метрден асуы мүмкін.


Жезқазғанда секундына. желдің екпіні 23 метрге дейін жететін боран болады.


Ауа-райының қолайсыздығы Қарағанды ​​облысында да байқалады. Өңірде екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Облыстың солтүстік, оңтүстік және шығыс бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін, кей жерлерде секундына 30 метрден асады.


Қарағандыда қар жауып, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы минус 13-15 градусқа дейін төмендейді.


Атырау облысында, әсіресе, облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге жететін екпінді жел болжанады.


Маңғыстау облысында, әсіресе облыстың солтүстік-шығыс және орталық бөлігінде тұман, көктайғақ болады.


Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында күндіз жел екпіні секундына 20 метрге жетелі.


Семей мен Өскеменде қалың қар жауып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді.


Алматы облысында, әсіресе таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін.


Алматы мен Қонаев қалаларында қалың қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.


Таразда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с жетеді. Келесі күні ауа температурасының күрт төмендеуі минус 11-13 градусты көрсетеді.


Петропавл мен Батыс Қазақстан облысында  ауданда қарлы боран соғып, жел секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы минус 25-27 градусқа дейін күрт төмендейді.


Жетісу облысында, әсіресе шығыста және таулы аймақтарда жауын-шашын, оның ішінде жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ, тұман болжанады. Солтүстіктен желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді.


Қызылорда облысында қар жауып, көктайғақ күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -15 -20 градус аязға дейін төмендейді.


Следите за новостями Taspanews