23 желтоқсан бойынша ауа-райы болжамы

Pixabay фото на taspanews.kz от 23 декабря 2024 08:40
Фото: Pixabay

23 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, тұман түсіп, бұрқасын болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт жүреді. Қар жауады. Ауа температурасы түнде -8 -10 градус, күндіз -4 -6 градус аралығында ауытқиды.


Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман пайда болуы мүмкін. Түнде ауа температурасы -13 -15 градусқа төмендейді, күндіз -5 -7 градус аяз болады деп күтілуде.


Шымкентте көшпелі бұлт жүреді. Жауын-шашын болмайды, алайда түнде және таңертең кей жерлерге тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -10 -12 градус, күндіз 0 -2 градус болады.


Ақтауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Кей жерлерде екпінді жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-ден +2 градусқа дейін, күндіз 3 -5 градусқа дейін көтеріледі.


Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады. Жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -15 -17 градусқа дейін төмендейді, күндіз -5 -7 градус аяз болады.


Атырауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -2 градустан 4 градусқа дейін, күндіз минус бір градустан плюс бір градусқа дейін болады.


Жезқазғанда күн бұлтты, алайда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -15 -17 градус дейін төмендейді, күндіз -6 -8 градус аяз болады.


Қарағандыда көшпелі бұлт жүреді, кей жерлерде аздаған қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде  -12 -14 градус, күндіз -10 -12 градус аяз аралығында сақталады.


Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді, қар жауып, бұрқасын болады. Ауа температурасы түнде -8 -10 градус аязға дейін ауытқиды, күндіз -4 -6 градус аяз болады.


Қонаевта көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-7 градус аяз болады.


Қостанайда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -8 -10 градус, күндіз -5 -7 градус болады деп күтілуде.


Қызылордада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -10-12 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 1 -3 градус аяз болады.


Павлодарда түнде қар жауады. Ауа температурасы түнде -15 -17 градус, күндіз -10 -12 градус аяз аралығында сақталады.


Петропавлда көшпелі бұлт жүреді, қар жауып, бұрқасын болады. Ауа температурасы түнде -7 -9 градус, күндіз 5-7 градус аяз болады.


Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Түнде ауа температурасы -18 -20 градус аяз, күндіз -11 -13 градус аяз болжанады.


Талдықорған жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -13 -15 градус дейін төмендейді, күндіз -8 -10 градус аяз болады.


Тараз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-7 градус болады.


Түркістанда көшпелі бұлт жүреді. Жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең қою тұман болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 0-2 градусқа дейін жылы болады.


Оралда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 1-3 градус аяз болады.


Өскеменде қар жауып, боран соғуы мүмкін. Түнде ауа температурасы 16-18 градус болады, күндіз 10-12 градустан төмен болады.


Следите за новостями Taspanews