23 желтоқсан бойынша ірі қалалардағы валюта бағамы
2024 жылғы 23 желтоқсан күнгі жағдай бойынша АҚШ доллары, еуро және Ресей рублі сияқты шетел валюталарын ресми және қолма-қол сатып алу-сату бағамдары жарияланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Ағымдағы мәліметтерді ҚР Ұлттық банкі мен Kurs.kz порталы ұсынады.
Бүгінгі ресми валюта бағамдары төмендегідей:
АҚШ доллары – 523,86 теңгеге тең;
Еуро – 544,34 теңге;
Ресей рублі – 5,11 теңге.
Ірі қалалардағы айырбастау пункттеріндегі көрсеткіштер:
Алматыда АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы – 524,96 теңге, сату – 528,46 теңге.
Астанада долларды орташа бағамен 515,06 теңгеден сатып алып, 530 теңгеден сатуға болады.
Алматыда еуро 545,45 теңгеден сатып алынып, 550,13 теңгеден сатылуда.
Астанада еуроны сатып алудың орташа бағамы – 543,93 теңге, сату бағамы – 553,98 теңге.
Алматыда Ресей рублін 5,04 теңгеден сатып алып, 5,13 теңгеден сатуға болады.
Астанада рубль 5,02 теңгеден сатып алынып, 5,12 теңгеден сатылуда.