24 қазанға арналған ауа-райы болжамы

Pexels фото на taspanews.kz от 24 октября 2024 09:37
Фото: Pexels

24 қазанда республикада қолайсыз атмосфералық жағдайлар, соның ішінде қар жауып, жауын-шашын және қалын тұман болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын-шашын болады. Түнде және таңертең тұман басады. Ауа температурасы түнде 2-4 градусқа дейін өзгерсе, күндіз термометр 6-8 градусты көрсетеді.


Алматыда синоптиктер күн бұлтты болып, түнде және таңертең жаңбыр жауады деп болжауда. Қатты тұман жол қозғалысын қиындатады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 11-13 градус жылуды көрсетеді.


Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа-райы қолайлы болады. Ал түнде және таңертең қаланы тұман басуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 13-15 градус жылуды көрсетеді.


Қазақстан Республикасының батысында тұман түсіп, жаңбыр жауады. Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.


Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аймақтарында да жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Талдықорғанда түнде жаңбыр жауып, ауа температурасы 4-6 градус болады. Күндіз 12-14 градусқа дейін көтеріледі.


Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болуы мүмкін. Түркістан облысының солтүстік және таулы аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын жауады және көктайғақ пайда болуы мүмкін.


Следите за новостями Taspanews