«250 мың теңгеге сатып алды»: «Қайда» әнінің авторы Диана Исмаил Ерке Есмаханға туындысын қаншаға сатқаны жайлы айтты

Фото: instagram.com/erke_esmahan instagram.com/diana_ismail__

Белгілі сазгер, әнші Диана Исмаил «Қайда» әнінің тарихын баяндап берді. Әнші аталмыш туындыны 15 жасында жазған. Бұл туралы Taspanews.kz Диана Исмаилдың Динара Сәтжанға берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды. 


«Қазақстан дауысынан» кейін мені халық тани бастады. Ол кезде 1-курс студентімін. Ол байқаудан кейін жаңа ән сатып алуға қаражатым болмады. Студияға жарыққа шықпаған бірнеше ескі әнімді апарғанда әнші Ерке Есмахан да сол студияға келіп менің әнімді естіп қалыпты. Кейін маған хабарласты. «Ерке деген әпкең боламын, сен әніңді шығарайын деп жатырсың ба?» деп сұрады, сатып алғысы келетінін айтты. Ол әнді мен 15 жасымда жазған едім. Әннің бағын әнші ашты. 160 миллион қаралым жинап тұр», – деді Диана Исмаил.


Сазгердің сөзінше, ол «Қайда» әнін екі жүз елу мың теңгеге бағалаған.


«2016 жылы студент кезім болатын. Сол әнді 300 мыңға бағаласам, қымбат болар деп, 250 мыңға Ерке сатып алды. «Маған сол кезде бұл сома үлкен ақша боп көрінді. Ол кезде қатарластарым даяшы боп жұмыс істейді. Мен әлгі жерде 250 мың теңгені алған соң «бұл ақшаға не істеуге болады?» деп көп ойландым. Америкаға барсам ба екен, кеме жалдасам ба екен, ақша жинап, көлік алсам ба екен деп ойладым. Қазір де жап-жақсы ақша сияқты», – деді ән авторы.  


Пост из социальной сети