26 наурыз бойынша ірі қалалардың ауа райы болжамы

Фото: Pexels
Соңғы күндері Қазақстанның ірі қалаларында күн күрт суытқанымен, ендігі кезекте жылыну байқалады, - деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидромет РМҚ сілтеме жасап.
Астанада күн аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз температура +1+3 градус, түнде -10 -12 градус.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +7+9 градус, түнде -3-5 ° градус. Түнде аздап тұман түседі.
Шымкентте күндіз көшпелі бұлт жүреді, ауа температурасы +9 +11 °C, жауын-шашынсыз. Түнде жаңбыр жауады.