27 қаңтарда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа-райы қандай болмақ

Астанада аяз болса, елдің оңтүстігінде күн салыстырмалы түрде жылы болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz World Weather порталының деректеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сай, 27 қаңтарда Астанада аяз -16°C дейін жетеді. Алматы аздап жылынады, Шымкент қала тұрғындары мен қонақтарын шуақты күнімен қуантады, алайда кешке аязды болуы мүмкін.
Алматы
Алматыда жауын-шашынсыз тұрақты ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы -3°С дейін төмендейді. Бұлттылық кем дегенде 2% болады. Желі секундына 0,4 метр, ылғалдылық 73% болады.
Таңертең +2°C-қа дейін аздап жылыну күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 0,7 метрге жетеді. Ылғалдылық 54%-ға дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +2°С, бұлттылық (2%) сақталады. Ылғалдылық 64% болады. Кешке термометр -2°C дейін төмендейді, жел секундына 0,3 метр болады, ылғалдылық 67%-ға дейін көтеріледі.
Астана
Елордада қаңтар айына тән аязды ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы -12°C болады, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 1,9 метрге жетеді, ал ылғалдылық 78 пайызды құрайды. Таңертең ауа -10°С-қа дейін аздап жылынады. Жел секундына 0,3 метрге дейін азаяды. Ылғалдылық 69%-ға дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы қайтадан -12°C дейін төмендейді. Аздаған бұлттылық байқалады. Жел секундына 1,2 метрге дейін күшейеді, ылғалдылық 79%-ға дейін көбейеді. Кешке қарай температура -16°С-қа дейін түседі. Жел қалыпты (секундына 1,3 метр), ылғалдылық 78% болады.
Шымкент
Шымкентте ауа-райы басқа қалаларға қарағанда айтарлықтай жылырақ болады. Түнде ауа температурасы -1°C болады, ылғалдылық 70%. Бұлттылық байқалмайды. Таңертең ауа температурасы +4°С дейін көтеріледі, жел секундына 0,7 метрге дейін әлсірейді, ылғалдылық 58%-ға дейін төмендейді. Күндіз ауа +3°С-қа дейін аздап суытады, жел әлсіз болады – секундына 0,6 метр, ылғалдылық 63%. Кешке ауа температурасы -2°C дейін төмендейді. Жел секундына 1 метрге жетеді, ылғалдылық 73 пайызға дейін артады.