28 қазанға арналған ауа-райы болжамы
Бүгінгі күні Қазақстанның кей аумақтарында қыстың ызғары мен күздің салқындығы сезілсе, кей аймақтар тіпті ашық-жарқын күн сәулесімен қуантады. Алайда, қыс жақын екенін ескере жүріңіздер, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматыда күндіз +8+10 °C күн бұлтты, жауын-шашын жауады. Түнде +4+6 °C.
Астанада күндіз 0,+5 °C, жауын жауады. Құйын мен көктайғақ болады. Түнгі температура -2+3 °C
Шымкентте күндіз +5 °C, ауа-райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болуы ықтимал.
Өскеменде күндіз +10 °C, күн бұлтты, жауын жауады. Түнде температура +6+8 °C.
Орал +6+8 °C көшпелі бұлтты, жауын шашынсыз. Таңертен тұман түседі. Түнде +2+4 °C аздаған жауын-шашын болады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 0;+5 °C, оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ орнайды. Түнде -3+2 °C.
Түркістан облысында күндіз +4+9 С, таулы аудандарда 0 °C. Жауын-шашын жауып, қар, тұман болады.