3 желтоқсан бойынша ауа-райы болжамы

Фото: Pexels

Қазақстан бойынша ауа-райы бүгін түрлі құбылысқа ие, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Елордада күндіз көшпелі бұлт жүреді, аздаған қар жауады. Температура -2 -4 °C.Түнде де көшпелі бұлт жүреді, температура -8 -10 °C дейін төмендейді.


Алматы жауын-шашынсыз, күндіз көшпелі бұлт жүреді. Түнде тұман түседі. Күндізгі температура +3+5 °C.


Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +6+8 °C, түнде -1-3 °C, тұман түседі.


Петропавл жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты. Күндіз температура


-1-3 °C, түнде -6-8 °C.


Ақтауда күн ашық, көшпелі бұлт жүреді. . Күндіз температура


 +1+3 °C, түнде -3-5 °C.


Павлодарда да жағдай ұқсас. Жауын-шашын байқалмайды, көшпелі бұлт жүреді. Күндіз температура -5-7 °C, түнде -12-14 °C.


Өскеменде күн бұлтты, қар жауады. Күндіз температура 0-2 °C, түнде -5-7 °C.


Батыс Қазақстан облысы жауын-шашынсыз болады, күндіз температура -1+4 °C, түнде 0,-5 °C құрайды.


Қарағандыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндізгі температура -4-6 °C, түнде -8-10 °C. Түнде аздаған қар жауады.


Қызылордада көшпелі бұлт, жауын жоқ, тұман түседі. Күндіз температура 0+2 °C, түнде -3-5 °C.


Қостанайда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Күндіз температура -1-3 °C, -6-8 °C көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.


Жезқазғанда көшпелі бұлт жүреді. Жауын-шашынсыз. Күндізгі температура -2-6 °C, түнде -4 -6 °C. Таңертең тұман түседі.


Атырауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура күндіз 0 градус болады. Түнде -3 -5 °C дейін төмендейді.


Ақтөбеде аздаған қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Күн бұлтты. Температура күндіз 0,-2 °C, түнде -3-5 °C болады.