30 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

Фото: Adobe Stock

Алдағы аптада Қазақстан қалаларында түрлі ауа-райы орнайды.


Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жайлы болады, – деп хабарлайды Taspanews,kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Дегенмен, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбырлы ауа-райы болады.


Еліміздің барлық аумағында жел күшееді, Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктерін түнде және таңертең тұман басады, сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Сонымен қатар, Алматы және Жамбыл облыстарының солтүстігінде және тау бөктерлерінде 2-3 С дейін аяз болуы мүмкін.


Өрт қаупі Ақтөбе, Қарағанды, Жетісу және басқа да көптеген облыстарды қоса алғанда, Қазақстанның көптеген өңірлерінд аса жоғары. Кейбір өңірлерде жағдай нашарлап, төтенше сипат алады. Олар – Маңғыстау, Атырау, Түркістан және Жамбыл облыстар.


Еске салсақ, 29 қыркүйекте Астанада және 12 облыста дауылды ескерту жарияланды.


Тұрғындарға ауа-райы болжамын ескеріп, табиғи құбылыстардың нашарлауы жағдайында сақтық шараларын қолдану ұсынылады.