300 қазақстандық студент Түркияда оқуға грант иеленді

300 қазақстандық студент Түркияда оқуға грант иеленді фото на taspanews.kz от 20 августа 2024 16:01
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Türkiye Bursları бағдарламасы ұсынған беделді гранттардың арқасында 2024-2025 оқу жылы үш жүз жас қазақстандық Түркияда білім алуға мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.


Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бері Түркия Республикасы қолдап келе жатқан бұл бастама әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты студенттерге білім мен күнделікті жүріп-тұру шығындарын толығымен жабуға көмектеседі.


Бағдарлама 1991 жылы іске қосылған сәттен бастап, жемісті нәтижелерге қол жеткізді: 9 мыңнан астам қазақстандық студент Түркияның үздік жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігін пайдалана алды. Биылғы жылы Бақытты грант иегерлерінің тізімі тамыз айында ресми түрде жарияланды.   


Следите за новостями Taspanews