31 желтоқсан бойынша ірі қалалардағы ауа-райы болжамы

Алматы, Астана және Шымкент қалаларында ауа-райы нағыз Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астанада күндіз температура -6-8 °C құрайды, көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен аздаған қар жауады, тұман түседі. Түнде температура -11-13 °C, көшпелі бұлт жүріп, қар жауады, тұман түседі.
Алматыда күндіз температура нөлден жоғары +2+4 °C құрайды, күндіз және кешке біршама қар жауып, нағыз қысты сезіндіреді, көшпелі бұлт жүреді. Түнде температура -1-3 °C, жауын-шашынсыз.
Шымкентте ауа температурасы қыс үшін аса жоғары көрсеткіштер көрсетеді. Күндіз температура +6+8 °C құрайды, көшпелі бұлт жүріп, түске дейін жауын-шашын болады. Түнде температура -1+1 °C құрайды, мезгілімен қар, жаңбыр жауып, тұман түседі.