«4 айдан кейін 17 жасқа толады»: Абай Бегей қызының сырға салуына қатысқан жоқ

Фото: instagram.com/symbatabaikyzy

Танымал әнші Абай Бегейдің 16 жастағы ортаншы қызы Сымбат тұрмысқа шықты. Сырға салу мен беташар өтті. Бұл туралы әншінің отбасы Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды Taspanews.kz.


Абай Бегей қызы «тұрмысқа шығады» дегеннен бастап ешқандай мәлімдеме жасап, бұл туралы не ойлайтынын айтпады. Тек жуықта ғана Сымбатпен ән айтқан бейнебаянын жүктеп, барлық пікірлерді оқып отырғанын жазды.


«Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рақмет», – деп жазды Абай Бегей Instagram-дағы ресми парақшасында.


Пост из социальной сети

Желі қолданушылары қыздың әлі 18 жасқа толмағанын жарыса жазып жатыр. Осыған байланысты әншінің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлова халыққа үндеу жасады.


«Бүкіл ел Сымбаттың жасын талқылап жатыр екен. Ол 4 айдан кейін 17 жасқа толады. Елде басқа мәселе қалмаған ба?! Жастарға бақыт тілеңіздер! Сымбатымыз «Сырғалым» атанып, ақ келін болып жатыр», – деді блогер қыз Stories-те.