4 қараша бойынша ауа-райы болжамы

Фото: pixabay

Қазақстанның аумағына тұман түсіп, аязды ауа-райы орнайды, - деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидромет РМҚ мәліметтеріне сілтеме жасап.


Астанада қарға ұласатын жаңбыр жауады,.Температура түстен кейін +5+7 градусқа көтеріледі.


Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түстен кейін +19 21 С.


Шымкентте күн бұлтты, күндіз жауын-шашын жауады, температура +21 +23 С дейін жетеді.


Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +9 +11 С.


Ақтөбе жауын-шашынсыз, күн бұлтты, күндіз +1...+3 С, түнде -5 С температура болжанады.


Атырауда күн бұлтты болады, алайда жауын-шашынсыз. Температура күндіз +5 +7 С көтеріледі.


Жезқазғанда жауын жауып, күндіз ауа температурасы +8  +10 С дейін жетеді.


Қарағандыда жаңбыр жауады, температура +9 +11 С жетеді.


Көкшетауда күн бұлтты, көктайғақ болады. Түнде және күндіз ауа температурасы 1 +1 С дейін сақталады.


Қонаевта күн бұлтты, алайда жауын-шашынсыз. Күндіз температура +18 +20 С жетеді.


Қостанайда күні бұлтты, желі екпінді, ауа температурасы 0 +2 С дейін көтеріледі.


Қызылордада жауын-шашын жауады, күндіз ауа температурасы +12 +14 С.


Павлодарда жауын жауып, күндіз ауа +12...+14 дейін жылынады.


Петропавлда температура +1 +3 С.


Семейде күн бұлтты, күндіз ауа температурасы +12 +14С дейін жетеді.


Талдықорғанда жеңіл жел соғады, ауа температурасы +20 +22 градусқа дейін жетеді.


Таразда күн бұлтты, жауын жауады, жел соғады, алайда күндіз ауа +23 +25 С дейін жылынады.


Түркістанда күн бұлтты, жауын жауады, ауа температурасы +19 +21 С дейін жетеді.


Оралда қар жауып, тұман түседі, жел 18 м/с жетеді, ауа температурасы +1 +3-тен жоғары көтерілмейді.


Өскеменде күн бұлтты, алайда жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +11 +13С дейін көтеріледі.