5-7 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамы

Фото: Pexels

Алдағы күндердегі ауа-райы болжамының сипатымен таныс болыңыздар. Күз келуімен ауа температурасы төмендеуде, алайда аймақтарда әлі күндізгі аяз байқалмайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Астанада күндіз температура +19 +21 °C. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10+12 °C салқын ауа сезіледі.


Алматыда түнде температура +10+12 °C, күндiз +23+25 °C. Ауа-райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.


Шымкентте күндіз температура +21+23 °C


Көшпелі бұлт жүреді, кей уақыттарда жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды.


Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік, оңтүстік шығысында жауын жауады. 


5-6 қазан аралығында елдің батысында, республиканың солтүстік және шығыс облыстарында ауа-райы құрғақ және ашық болады, күндіз батыста температура 23-30 градусқа дейін жетсе, солтүстікте және шығыста 15-23 градус сынап бағанасын көрсетеді. Ал түнде аяз орнайды. 7 қазанға жақын солтүстік пен шығыс юөліктерге суық атмосфералық фронт пен жаңбырлы бұлттар жылжиды, сондықтан жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), жел күшеюі және күндіз ауа температурасы төмендейді.


Ал елдің оңтүстігі мен орталық бөлігінде, атмосфералық фронттардың әсерінен 5-7 қазан аралығында жауын жауады.