5-ақпан бойынша ауа-райы болжамы
Фото: Pexels
5-ақпан күні Қазақстанның ірі қалаларында ауа-райы бірқалыпты болады, қар жаумайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура -3-5 °C, түнде -12-14 °C.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Күндіз температура -2-4 °C, түнде -8-10 °C.
Шымкентте де көшпелі бұлт жүреді. Күндіз температура +8+10 °C, түнде -4-6 °C.