5 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша ауа-райы күр суытады
2025 жылдың 5-7 қаңтары аралығында Қазақстан Солтүстік Атлантикалық және Оңтүстік Каспий циклондарының белсенді ықпалына байланысты күрделі ауа-райы жағдайына тап болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Циклонмен бірге келетін ылғалды ауа массалары еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарына жауын-шашын әкеледі. Бұл аймақтарда жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп болжанады.
Ел бойынша жел күшейіп, жел аралас қар жаууы мүмкін.
«6 қаңтардан бастап еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендеп, қалың қар жауады. Көктайғақ болады»,
Орталық және шығыс облыстарда уақытша жылы ауа-райы сақталады. Дегенмен, 5-6 қаңтар аралығында айтарлықтай салқындай түседі.
Кей облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Мұндай құбылыстар қозғалысты қиындатып, жол қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
«Қазақстанның батысындағы облыстарда ауа температурасы түнде -12 градустан +3 градусқа дейін, күндіз -8 градустан +3 градусқа дейін ауытқиды. Солтүстік-батыс облыстарда сынап бағанасы түнде -4 градустан -15 градусқа дейін, күндіз -2 градустан -12 градусқа дейін жылжиды. Солтүстік облыстарда күндіз минус 2 градустан минус 10 градусқа дейін аяз болады. Орталық аймақтарда түнде -5 градустан -13 градусқа дейін, күндіз 0-ден -10 градусқа дейін аяз болжанады. Шығыс облыстарда түнде аяз минус 10-нан минус 25 градусқа дейін күшейеді, күндіз ауа температурасы -5 -13. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда түнде температура 0-ден -10 градусқа дейін ауытқиды, таулы аймақтарда температура – минус 20. Күндіз температура -3-тен +8 градус, таулы аймақтарда -8 градус»,
Синоптиктер сапар жоспарлау кезінде ауа-райы болжамын ескеруді және сақтық шараларын күшейтуді ұсынады.