5 наурыз бойынша ауа-райы болжамы

Фото: Pexels

5 наурыз күні Қазақстанның үш ірі қаласында ауа температурасы күндіз біршама жылынғанмен, түнде қайта қыстың көрінісіне тап болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, мезгілімен қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз ауа температурасы -4 -6 С, түнде -15 17 С.


Алматыда күндіз ауа температурасы бүгін +2+4 шамасында. Көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашын болмайды. Түнде температура -7 -9 С. Кей уақытта тұман түседі, көктайғақ болады.


Шымкентте күндіз ауа температурасы +8+10 С, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -4 -6С, тұман түседі.