5 республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

 Pexels фото на taspanews.kz от 11 марта 2025 09:31
Фото: Pexels

2025 жылы 11 наурыз, сағат 08:00-де 5 облыстағы 5 республикалық маңызы бар тас жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ сілтеме жасап.


Ақмола облысында "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырымы аралығындағы жерде (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Жақсы ауылы);


Қарағанды облысында "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырым аралығындағы жер учаскесінде (Атамекен ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы);


Қостанай облысындағы "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы);


Солтүстік Қазақстан облысындағы "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығында (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы);


Ұлытау облысында "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылы-Қостанай облысы шекарасы) көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.


Жолдарды тазартып, дайындау үшін 703 бірлік техника қолданылуда және 1 770 маман жұмылдырылды.


"11 наурызда Абай, Ақмола, Жетісу, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар жауады",


– деп ескертілген ресми ақпаратта.


Следите за новостями Taspanews