6 қаңтар күні Қазақстан аумағы бойынша дауылды ескертулер жарияланды

Depositphotos фото на taspanews.kz от 06 января 2025 11:41
Фото: Depositphotos

Қазақстан бойынша 6 қаңтар күні дауылды ескерту көптеген қалаларды қамтыды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қазгидрометке сілтеме жасай, дауылды ескертуді жариялады.


Дауылды ескерту болжанған аумақтар:


Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, тұман түседі;


Орал қаласында көктайғақ болады, Атырау облысының солтүстігі мен шығысына тұман түседі;


Маңғыстау облысында көктайғақ пен тұман болады;


Ақтауда көктайғақ, Ақтөбенің солтүстігі, шығысында жаяу бұрқасын, басқа бөліктерінде көктайғақ болады;


Қостанай облысында 6 қаңтар түнінде батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді;


Астана, Ақмола, Көкшетауда көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында жел 23 м/с жетеді.


Петропавлда, Павлодарда. Ұлытау мен Қарағанды, Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскеменде де дауылды ескерту жарияланды. Одан бөлек, бұл қатарда – Қызылорда, Түркістан мен Шымкент, Алматы мен Жетісу облысы.


Следите за новостями Taspanews