6 қаңтар күні Қазақстан аумағы бойынша дауылды ескертулер жарияланды
Қазақстан бойынша 6 қаңтар күні дауылды ескерту көптеген қалаларды қамтыды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қазгидрометке сілтеме жасай, дауылды ескертуді жариялады.
Дауылды ескерту болжанған аумақтар:
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, тұман түседі;
Орал қаласында көктайғақ болады, Атырау облысының солтүстігі мен шығысына тұман түседі;
Маңғыстау облысында көктайғақ пен тұман болады;
Ақтауда көктайғақ, Ақтөбенің солтүстігі, шығысында жаяу бұрқасын, басқа бөліктерінде көктайғақ болады;
Қостанай облысында 6 қаңтар түнінде батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді;
Астана, Ақмола, Көкшетауда көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында жел 23 м/с жетеді.
Петропавлда, Павлодарда. Ұлытау мен Қарағанды, Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскеменде де дауылды ескерту жарияланды. Одан бөлек, бұл қатарда – Қызылорда, Түркістан мен Шымкент, Алматы мен Жетісу облысы.