6 наурыз күні Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы ауа райы қандай болмақ?

Фото: pixabay.com

Бейсенбі мен жексенбі аралығында Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райы өзгереді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Worldweather.ru порталының деректеріне сілтеме жасап.


Синоптиктердің болжамына сай, Алматыда салыстырмалы түрде жылы күндер мен салқын түндер сақталады, ал Шымкентте жайлы, бірақ тұрақсыз ауа райы болады.. Екі қалада да бұлтты күндерге және жауын-шашынға дайын болу керек. Астанада аяз әлі де байқалады.


Алматы


Алдағы күндері Алматыда көшпелі бұлт жүреді, ауа температурасы қалыпты болады.


Бейсенбі, 6 наурызда күндіз ауа температурасы +8°C, түнде 0°C-қа дейін төмендейді.


Жұма, 7 наурызда ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады: күндіз +4°C, түнде +3°C, күн бұлтты болуы мүмкін.


Сенбі, 8 наурызда ауа температурасы күндіз +5°C дейін көтерілсе, түнде қайтадан 0°C дейін төмендейді.


Жексенбіде, 9 наурызда температура күндіз +5°C, түнде сәл жылынады: +2°C.


Астана


Аптаның соңына қарай Қазақстанның астанасында аязды ауа райы сақталады, ауа температурасы төмендейді. Қатты жел мен жауын-шашын болуы мүмкін.


Бейсенбі, 6 наурызда ауа температурасы күндіз 0°C жылы, түнде  -6°C-қа дейін төмендейді.


7 наурыз, жұма күні ауа температурасы күндіз -4°C, түнде -5°C болады.


Сенбіде, 8 наурызда күн аздап жылынады: күндіз -2°C, түнде ауа температурасы -7°C дейін төмендейді.


Жексенбі, 9 наурызда аяз қайтадан күшейеді: күндіз -6°C, түнде -8°C.


Шымкент


Елдің ең ірі қаласында алдағы күндері ауа температурасы жоғарырақ болады, алайда шамалы ауытқулар болжанады.


Бейсенбі, 6 наурызда емпература күндіз +11°C, түнде +2°C болады.


Жұма күні, 7 наурызда ауа температурасы күндіз +4°C дейін төмендейді, түнде +5°C-тан сәл жылы болады, жауын-шашын болуы мүмкін.


Сенбі, 8 наурызда ауа қайтадан күндіз +10°C дейін жылыса, түнде +4°C болады.


Жексенбі, 9 наурызда ауа температурасы тұрақты болады: күндіз +8°C, түнде +8°C.