7 қараша түні елдің бірнеше аумағында өрт шықты
Фото: Pexels
7-8 қарашаға қараған күні Қазақстан бойынша бірнеше өрт жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Бірінші жағдайда Павлодар облысындағы М. Жүсіп көшесінде тұрғын үй шатыры өртенген. Жалын 90 шаршы метрді құраған.
Жамбыл облысы Алматы-Ташкент жолында 8 көлік тиелген автосығыш жанған. Оның ішінде 4 автокөлік зардап шекпеді.
Сонымен қатар, Ақмола облысы Красное озеро ауылында 15 тонна жиналған шөп өртенген. Бұл ретте өрттің маңындағы шаруашылық құрылыстарға таралмауы қамтамасыз етілді.
Жалын барлық жағдайда Төтенше жағдай қызметкерлері тарапымен сөндірілді. Өрт себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.