7 қазанға арналған ауа-райы болжамы
7 қазанда Қазақстанда ауа-райының әртүрлі жағдайлары күтіледі, бұлтты аспан, жаңбыр және белгілі бір аудандарда желдің күшеюі орын алады.
Астана жауын-шашынсыз, аспаны бұлтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түнде ауа температурасы +3C +4c, ал күндіз +16C.
Алматыда жауын жауады. Жел жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 13 м/с, түнде ауа температурасы +10 С, ал күндіз +18 дейін қызады.
Шымкент жауын-шашынсыз, аспаны бұлтты және 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, ал күндіз термометрлердің бағаны +24 С дейін көтеріледі.
Ақтау аспаны ашық, алайда даласы шаңды болады. Мұнда желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді, ал күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде температура +14 + 16c, күндіз +25 +27C.
"Қазгидромет" РМК мәліметіне сай, Атырау жауын-шашынсыз, түнде жел 2-7 м/с және күндіз 7-12 м/с. Түнде температура +9 +11c, ал күндіз +26...+28C.
Петропавлда жел екпіні 20 м/с дейін, алайда жауын-шашын жаумайды. Температура түнде 4C, күндіз + 13С.
Ауа-райы болжамы Қазақстанның кей облыстарында аздаған жауын-шашые мен екпінді жел болатынын көрсетеді, сондықтан тұрғындар құбылмалы жағдайларға дайын болуы керек.