79 жыл бойы ордені қолға түспеген: Анасының орденін іздеген баласы

Фото: Википедия

79 жыл бойы ордені қолға түспеген: Анасының орденін іздеген баласы


Кездейсоқ анасының "Қызыл жұлдыз" орден иегері екенін анықтаған ер азамат 2 жыл іздеуден кейін марапатқа қол жеткізді. Анасы - Мария Башукова көзі тірісінде орденді ала алмаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Otyrar.kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.


Соғыс алаңында ерлік пен еңбегі үшін "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталған Шымкенттік Мария Башукова медициналық қызметкер болған. Майданда 90 солдатты өлім аузынан алып қалып, ауруханаларға жіберген. Бұл қайсарлығы үшін марапатталған. Алайда, орден белгілі бір себептермен оған жетпей, ұмыт қалған. 2 жыл бұрын ғана баласы Әнуарбек Наурызбаевтың  әріптесі архивтен бұл мәліметті тауып, өзіне айтқан. 2 апта бұрын ғана табылған бұл орден отбасы үшін – ерекше жеңіс. 


Өзі де полковник – Әнуарбек Наурызбаев марапатты табам деп жеке уәде берген екен. Достары мен әйелінің қолдауы арқасында бұл мақсат жүзеге асқан.