8 қаңтар күні Қазақстанда аязды ауа-райы орнайды
Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, жел күшейетінін ескертеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Болжам бойынша, 2025 жылдың 8 қаңтарында Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боранмен және күшті желмен жүретін күрт суыту күтіледі. Кейбір аймақтарда желдің екпіні дауылға ұласуы мүмкін. Ел азаматтарына жолда сақтық шараларын сақтау ұсынылады.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, қар жауып, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -13...-15 градусқа дейін төмендейді.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус, күндіз 0...-2 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте жауын-шашын болмайды, көшпелі бұлт жүреді. Жел жылдамдығы секундына 8-13 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -6...-8 градус, күндіз 1...-3 градус болады.
Ақтауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз +1...+3 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбеде күн бұлтты болып, қар жауады деп күтілуде. Жел жылдамдығы секундына 6-11 метр. Түнде температура -11 -13 градус, күндіз -4 -6 градус.
Атырауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Түнде температура -3 -5 градус, күндіз -1 +1 градус болады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -11...-13 градус жылы болады.
Қарағандыда көшпелі бұлт жүреді, қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -6...-8 градус жылы болады, кейіннен төмендей бастайды.
Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -16...-18, күндіз -13...-15 градус болады.
Конаевта күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні секундына 18-23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус, күндіз 0...-2 градус болады.
Қостанайда көшпелі бұлт жүреді, қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -18...-20, күндіз -6...-8 градус болады.
Қызылордада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10...-12, күндіз -3...-5 градус болады.
Павлодарда көшпелі бұлт жүреді, қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10...-12, күндіз -7...-9 градус болады.
Петропавлда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 9-14 метрге жетеді. Түнде температура -18 -20 градус, күндіз -13 -15 градус болады.
Семейде күн бұлтты болып, қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-10, күндіз 0...-2 градус жылы болады.
Талдықорғанда күн бұлтты, қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз 0...-2 градус болады.
Таразда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз ауа райы орын алады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей жерлерде екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -4...-6 градус , күндіз 0...-2 градус болады.
Түркістанда жауын-шашын болмайды, көшпелі бұлт жүреді. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -6...-8 градус, күндіз -1 ...-3 градус болады.
Оралда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.Ауа температурасы түнде -5...-7 градус, күндіз 0...-2 градус болады.
Өскеменде күн бұлтты болады, қар жауады. Ауа температурасы түнде -7...-9 градус, күндіз 0...-2 градус жылы болады.