8 миллион қазақстандық активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырудан босатылды
Фото: Pexels
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында кей азаматтар декларацияны тапсырудан босатылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Ендігі кезекте жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және тағы басқа топтар тапсырмайды.
Бұл шешімге ықпал еткен себептер келтірілді:
“Бұған мемлекеттік органдардың деректер базасын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржылық шоттар бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлы қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етіп отыр”, –
Бұл санатқа шет елде активтері бар, сайлауға түсуге құқығы бар азаматтар, мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттар, банктер, бағалы қағаз нарығы мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары кірмейді.