8 наурызда жедел жәрдемге 23 мыңға жуық шақырту түскен

P фото на taspanews.kz от 13 марта 2025 17:33
Фото: Pexels

Халықаралық әйелдер күні ел бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің диспетчерлік пультіне 22,7 мың шақырту түсті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Оның ішінде 1147-сі шұғыл көмек көрсетуді талап ететін бірінші санатқа жатқызылса, 6723 шақырту екінші, 6220 – үшінші санатқа, ал 8624-і төртінші санат бойынша қаралды.


Ең көп жедел жәрдем шақыртулары Түркістан облысы, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында тіркелді. Одан кейінгі орындарда Жамбыл мен Алматы облыстары тұр.


Мереке күні ауыр диагнозы бар науқастар үшін 15 телемедициналық кеңес беріліп, санитарлық авиация бір рет әуеге көтерілді. Жедел коронарлық синдромы бар ер адам Құрманғазы ауылынан Атырау облыстық ауруханасына санитарлық авиациямен жеткізілді.


Следите за новостями Taspanews