800-ден астам қазақстандық отбасының цифрлық картасы арқылы әлеуметтік төлем алды

800-ден астам қазақстандық отбасының цифрлық картасы арқылы әлеуметтік төлем алды фото на taspanews.kz от 09 июля 2024 11:02
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

800-ден астам қазақстандық Отбасының цифрлық картасы арқылы әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Ағымдағы жылдың басынан бастап 807 азамат отбасының цифрлық картасы арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдерді алу құқығын SMS арқылы растай алды. Оның ішінде 775 адам жұмысынан айырылу бойынша және 32 адам бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем алды.


Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне қарай айқындалатын кепілді мемлекеттік көмектің әртүрлі түрлерін алуға құқықтары туралы күнделікті "электрондық хабарландырушыны" айқындайды.


Қазіргі уақытта ОЦК әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын қазақстандықтарға МӘСҚ-дан: еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің үш түрін өтінішсіз ресімдеуге мүмкіндік береді.


Мемлекеттік қолдау шарасын қолдануға құқығы болған кезде көмек алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. SMS алған азамат төлем алуға келісімін растауы тиіс. Осыдан кейін өтініш автоматты түрде ресімделеді және қаражат алушының банктік шотына аударылады.


Мобильді азаматтар базасында ұялы телефон нөмірін тіркеген соң әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша қызметтерді белсенді түрде жүзеге асыруға болады. Нөмірді тіркеу функциясын egov.kz порталында табуға болады.


2023 жылы ОЦК көмегімен МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер 17 270 азаматқа тағайындалды.


Өткен жылы барлығы 1,3 миллионға жуық қазақстандық МӘСҚ-дан жалпы сомасы 750,7 миллиард теңгеге төлем алды.


Следите за новостями Taspanews