9 желтоқсан бойынша ауа-райы болжамы

Фото: Pexels

Қазақстан қалаларында ауа-райы күрт салқындап, қыс ызғары әсіресе байқалуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.


Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Температура күндіз -7-9 °C, түнде -11-13 °C. Түнде қар жауады.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, таңертең және түнде аздаған қар жауып, арасында тұман түседі. Күндіз температура -15-17 °C, түнде -25-27 °C.


Шымкентте салыстырмалы түрде жылы ауа-райы орнайды, алайда температура нөлден төмен. Көшпелі бұлт жүріп, тұман түседі. Жауын-шашын болмайды. Күндізгі температура -1-3 °C, түнгі -9-11 °C.


Түркістан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндізгі температура -1-3 °C, түнгі -10-12 °C.


Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура -15-17 °C, түнде -18-20 °C.


Қызылордада күн ашық, күндіз температура  -5-7 °C, түнде -10-12 °C.


Өскеменде күн бұлтты, жауын-шашынсыз.


Солтүстік Қазақстан облысында күндіз температура -11-16 °C, жауын-шашынсыз. Түнде -16-21, облыстың шығысында -24 °C.


Маңғыстау облысында күндіз температура -3+2, облыстың солтүстігінде -6 °C. Жауын-шашын болмайды. Түнде -3-8 °C, облыстың солтүстігінде -13 °C.


Батыс Қазақстан облысы жауын-шашынсыз, күндіз температура -1-6 °C, түнде-9-14, облыстың батысында -6 °C.