«9 жыл бұрын той жасағымыз келді»: Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали тойларын студияда жасады

Фото: Видеодан скриншот youtube.com/ktktv

Танымал жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали «Астарлы ақиқат» бағдарламасының студиясында той жасады. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


Кадрлардан Жұлдыздың қалыңдық көйлегін киіп келгенін көруге болады.


Әншінің сөзінше, 9 жыл бұрын өтуі керек болған той бірнеше себептерге байланысты жасалмай қалған.


«Негізі бұл тойды 9 жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға «Кішкене күте тұрайық, халық үйренсін бұл жаңалыққа, ашуы басылсын» деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, коронавирус басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік. Жұлдызға о баста айтқанмын, «Той жасаймыз, сен ақ көйлек киесің» деп. Кез келген қыз баланың арманы – ақ көйлек киіп, күйеуге тию», – деді Айқын Төлепберген. 


Пост из социальной сети