Абай облысында 2 көпбалалы отбасыға пәтерлер берілді

Pexels фото на taspanews.kz от 02 декабря 2024 12:16
Фото: Pexels

Абай облысы, Үржар ауданы, Егінсу ауылында екі көпбалалы отбасы үйлі болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Үймен қамтамасыз ету ”Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері” жобасы аясында іске асты.


Үй иеленгендердің бірі – Назерке Байдүйсенова алғысын білдіріп, сезімімен бөлісті:


"Бүгін отбасымыз үшін ерекше күн. Жаңа баспана өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Бізді қолдағандардың барлығына алғысым шексіз. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", – Назерке Байдүйсенова.

Еске салсақ, жақында Ақмола облысында жеті көпбалалы отбасыға пәтерлер берілді.


Следите за новостями Taspanews