Абай облысында 2 көпбалалы отбасыға пәтерлер берілді
Фото: Pexels
Абай облысы, Үржар ауданы, Егінсу ауылында екі көпбалалы отбасы үйлі болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Үймен қамтамасыз ету ”Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері” жобасы аясында іске асты.
Үй иеленгендердің бірі – Назерке Байдүйсенова алғысын білдіріп, сезімімен бөлісті:
"Бүгін отбасымыз үшін ерекше күн. Жаңа баспана өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Бізді қолдағандардың барлығына алғысым шексіз. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес",
Еске салсақ, жақында Ақмола облысында жеті көпбалалы отбасыға пәтерлер берілді.