Абай облысында Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме бой көтереді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен заңсыз алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру жалғасуда. Үкімет Семей қаласында 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді. Бұл мекеме халықтың сапалы медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Қазіргі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан 59,4 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, 13 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.
"Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар",
Сонымен қатар, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң аясында бөлінген қаражат есебінен Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығы салынуда. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда.