Абай облысында әйел адам несие ресімдеу бойынша алаяқтыққа тап болды

Фото: Pexels
Абай облысы полициясы алаяқтарға ірі көлемде ақша аударған тұрғынға көмектесті, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық ПД сілтеме жасап.
Әйел адам несие рәсімдеуге көмектесетін адамдарға жүгінген. Олар өз кезегінде қызметі үшін кепілдік ретінде ақы сұратқан. Содан соң міндеттемелерін орындамай, ізін суытқан.
Полиция күдіктілерді анықтады. Кейіннен жәбірленушіге қаражат қайтарып берілді.