Абай облысында он екі жасар баланы ағыс алып кетті
Фото: Pexels
Абай облысындағы Курчатов жағажайында он екі жасар баланы ағыс алып кетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram арнасына сілтеме жасап.
№ 8 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында жағдай шешімін тапты. Жағалауды күзетіп жүрген құтқарушылар Ернұр Амангелді мен Еркебұлан Айбеков ағыспен күресіп, баланы жағаға шығарды.
Медициналық көмек қажет болмады - бала тез қалпына келді. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды есте ұстаған жөн.