Абай облысында психикалық ауруға шалдыққан адам көлік жүргізген

depositphotos.com фото на taspanews.kz от 30 января 2025 10:12
Фото: depositphotos.com

Абай облысы, Үржар ауданының прокуратурасы әрекетке қабілетсіз адамның заңды жүргізуші куәлігі барын анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Прокурорлар тексеру барысында оның көлік басқаруға жарамсыз екенін анықтап, жүргізуші куәлігінен айырды. 


«Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіз болатын жайттың бірі – медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізушінің нашар денсаулығы»,  – Бас прокуратура хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews