Абай облысында шет елден әкелінген қымбат техника қараусыз қалғаннан бұзылған
Фото: Pexels
Семей қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптау желісін құру жобасы аясында техника қараусыз қалып, жарамсыз болып қалған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Абай облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
Жоба қала әкімдігі мен Экология министрлігі қатысымен қолға алынды. 2,6 миллион еуро қаражатқа алынған техниканы орналастыратын ангарды салуды әкімдік жүзеге асырмай, шартты орындаудан шеттелген. Осылайша, екі жыл бойы техника далада тұрып, құртылған. Кепілдік мерзімі өтіп кеткен.
"Прокуратура ҚК 371-бабының 1-бөлігі (салғырттық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, сонымен қатар әкімшілік жобаны аяқтау және қалада қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу бойынша шаралар қабылдауда",