Абай облысында су тасқынынан қираған көпір қалпына келтірілді

Абай облысы әкімдігі фото на taspanews.kz от 09 января 2025 09:10
Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысы, «Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті» аудандық маңызы бар жолдағы көпір 2024 жылғы көктемдегі су тасқынан кейін қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Ауыларалық маңызы бар көпір Кіндікті, Алғабас аулдары мен Ырғызбай ата кесенесін байланыстырған. Су тасқынынан кейін облыс әкімдігі көпірді қалпына келтіру жұмыстарын жедел бастап кетті. Көпір қаплпына келгенше уақытша Боғас өзені арқылы өтетін өткел салынды.


Ырғызбай ата кесенесіне жылына алты мың турист келеді, ал Кіндікті ауылдық округінде жалпы саны 631 адам тұрады. Осы орайда, көпірді қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.


Следите за новостями Taspanews