Абай облысында жеке тұрғын үйдің ауласында өрт тұтанды

Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысы, Семей қаласындағы жеке тұрғын үй ауласында шаруашылық құрылыс өртенді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Шаруашылық құрылыспен қоса, жиналған күйдегі тақтайлар өртенді. Өрт 50 шаршы метр аумақты құрады. Жалын сөнідрілді, Зардап шеккендер жоқ. 


Еске салсақ, 5-6 желтоқсанға қараған түні Астанада орналасқан автокөлік шиналарын жою цехы өртенді.