Абай облысындағы ТЖД жаңа ұшқышсыз ұшу аппаратын сынады
Фото: ҚР ТЖМ
Абай облысындағы ТЖ Департаментінде CX-25 маркалы ұшқышсыз ұшу аппаратының демонстрациялық ұшыру жүргізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ведомствоның Telegram-арнасының ақпаратына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі департаменттің балансына вертикальді ұшатын ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) берген. Оның басты артықшылығы – ұшу қашықтығының ұлғаюы – ол 50 шақырымға дейін жетуі мүмкін және белгілі бір аймақты патрульдеу үшін ұшу тапсырмасын қою мүмкіндігі. Сондай-ақ, оның жылу камерасы бар, бұл құрылғы адамдарды іздеуге және түтін мен жылу нүктелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жеке құрам аптасына 3-4 рет осы аппарат бойынша оқу ұшуларын жүргізеді.