Ақбота Керімбекова мен жоба ұйымдастырушылары арасында дау туындады

Фото: instagram.com/botakerim

  «Qazaqstan» телеарнасындағы жобада әнші Ақбота Керімбекова мен ұйымдастырушылар арасында үлкен дау туындады. Өнер иесі жоба кеңесшісі Динара Адамды дөрекілік көрсетті деп отыр. Бұл туралы Ақбота Керімбекова Instagram-дағы ресми парақшасында айтты.


Әншінің сөзінше, ол «Жұлдызды жұп» жобасына қатысу үшін Астанаға ұшып келген. Қалаға келісімен брон қойылған қонақүйге барып, нөмірінің бос емес екенін біледі. Кейін өзінің ауырып келгенін айтып, ұйымдастырушылардан мәселені тез шешіп беруін сұрайды. Керімбекова сол кезде Динара Адамның хабарласып, дөрекілік көрсеткенін айтып, наразылық білдірді.


«Қазақта “қарынымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына налимын” деген сөз бар. Ұлт ұлт болғалы маңдайымызға бұйырған жалғыз ұлттық арнамыздың маңдайалды жобаларына Алаш түге, адамның қадірін білмейтін, бірде-бір рет қазақша ойланып, ой қорытып көрмеген біреулер жетекшілік еткесін, көрген күн осы екен», – деп жазды әнші.


Пост из социальной сети

Ұлттық арнада аталған жағдайға байланысты пікір білдірді. 


  «Qazaqstan» телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларының бірі «Жұлдызды жұп» бағдарламасының түсірілімі қарсаңында қатысушылар орналасатын қонақүй нөмірін алдын ала рәсімдеуде қателік кеткен. Нақтырақ айтқанда, әнші Ақбота Керімбекова келіп түскен қонақүйде оған арналған нөмір бос болмай шыққан. Ұйымдастырушылар тарапынан мәселе шешімі ретінде бірден өзге бірнеше қонақүйден нөмір таңдау ұсынылды, бірақ әнші одан бас тартты.А.Керімбекова мен ұлы Біржан Шалқар бағдарламаның таңдаулы жұптарының бірі. «Жұлдызды жұп» - тек музыкалық шоу емес, отбасылық құндылық, ән өнеріндегі дәстүр жалғастығы мен сабақтастығын көрсетуге бағытталған жоба. Жобада дәстүрлі әндер де, танымал композиторлардың халық арасында кең танылған шығармалары да, заманауи эстрада әндері де орындалады. Бағдарламаның қатысушылары мен олардың репертуарын Корпорацияның Көркемдік кеңесі іріктеп, бекітеді. Динара Адам продакшн компанияда жоба кеңесшісі міндетін атқарады. Одан бөлек, бұл жобада 195 маман қызмет етеді. Бағдарлама продюсері арнаның бұған дейінгі «Егіз лебіз», «Дара бала» сияқты жобаларына жетекшілік еткен тәжірибелі маман Сандуғаш Рахымжанова», – деп жазды Ұлттық арна Instagram-дағы ресми парақшасында. 


Пост из социальной сети