Адам азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шығарылды

Фото: Freepik

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыптау үкімін шығарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Полиция қызметкерлері процессуалды келісім аясында күнәларын мойындады. Оларға 3 жыл 6 ай мерзіміне шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, пробациялық бақылау белгіленді. Сотталушылар арнаулы атақтарынан айырылды, мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтын болды.


Үкім заңды күшіне енді.


«Прокуратураның ұсынуы бойынша қарамағындағылардың қызметіне бақылаудың жоқтығы және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды», – Қазақстан Бас прокуратурасы.

Еске салсақ, 2023 жылы 29-наурызда полиция қызметкерлерінің туысының пәтерінде жәбірленуші азаматтан бөтеннің мүлкін ұрлауды мойындау талап етіліп, азаптау жүргізілді.