Адам саудасына қарсы Заңда жыныстық қызметке қатысты жауапкершілік қарастырылды

Қазақстан адам саудасына қарсы күрес жолында жаңа заңдар енгізді фото на taspanews.kz от 17 июля 2024 11:53
Фото: ҚР ІІМ

Қазақстан заңсыз қызметке байланысты бірқатар қылмыстарды криминализациялауды енгізе отырып, адам саудасына қарсы күрес үшін жаңа шаралар қолданады,– деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енеді.


Осы заң шеңберінде Қылмыстық кодекске қылмыстардың жаңа санаты – адам саудасына қатысы бар қылмыстар қосылады, сондай-ақ нақты уақыт режимінде Интернет арқылы осындай Қызметтерді көрсетуді қоса алғанда, "сексуалдық сипаттағы өзге де қызмет көрсету" ұғымы енгізіледі.


Айыптылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


- Кәмелетке толмағандарды қоса алғанда, адамдарды жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту және жеңгетайлық;


- Осы қызметке тарту және жеңгетайлық үшін жезөкшелікті және өзге де жыныстық қызметтерді насихаттау немесе жарнамалау;


- Жезөкшелікпен айналысу, өзге де жыныстық қызметтер көрсету және Интернетті қоса алғанда, телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, притондарды ұйымдастыру немесе ұстау.


Бұл шаралар ұйымдастырушыларды қылмыстық Кодекстің 134, 308 және 309-баптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, Заң егер де жезөкшелік қызметтерін кәмелетке толмаған жасөспірім көрсетсе, ол қызметті қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізеді. Бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік береді.


Бұдан бөлек, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс медициналық және балалар ұйымдарының лауазымды тұлғалары сәбилерді тастап кету және жетім балалардың немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсу фактілері туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылады.


Сондай-ақ, екі тараптың татуласуы арқылы адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша жауапкершіліктен босату мүмкіндігі енді қарастырылмайды.


Қылмыстық іс жүргізу кодексіне жәбірленушінің мамандандырылған әлеуметтік қызметтерді алу құқығы енгізіледі.


Следите за новостями Taspanews