АЭС референдумының алдын-ала нәтижесі бүгін белгілі болады

Фото: Gov.kz

Бүгін референдумның алдын ала нәтижелері жарияланбақ, – деп хабарлайды Taspanews.kz Орталық сайлау комитетіне сілтеме жасап.


7 қазан сағат 11:00-де Атом электр станциясын салу бойынша өткен жалпыхалықтық референдумның алдын-ала нәтижелері ОСК-нің брифингінде жарияланады. 


Еске салсақ, 6-шы қазанда референдумға қатысу туралы бюллетеньді Қазақстан халқының 63,87%-ы алған. Елден бөлек шет елдегі қазақстандықтар 60 сайлау пуктінде дауыс бере алды.