Air Astana Алматыдан Гуанчжоуға тікелей рейс ашты

Фото: Depositphotos
Air Astana қазақстандық әуе компаниясы жаңа бағыт бойынша рейсті іске қосады, – деп хабарлайды Taspanews.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша рейстер 31 наурыздан бастап қолжетімді болады.
Еске салсақ, 2025 жылдың, 20-қаңтарында Көлік министрлігі наурыз айынан бастап, компания Вьетнамға аптасына 4 рет, Алматы-Нячанг және Астана-Нячанг бағыттары бойынша аптасына 3 рет жаңа бағыттар ашатынын, сонымен қатар Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша жаңа маршруттың іске қосылатынын жеткізген.