Air Astana әуе компаниясы жолаушының итін жоғалтты

Фото: Depositphotos

Air Astana әуе компаниясы Алматы-Орал бағытында ұшып, Оралға қонғанда тасымалданған итті жоғалтып алған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Михаил Козачков телеграм арнасына сілтеме жасап.


Жолаушы Нина Служаева үй жануарын тасымалдау бойынша қажетті шаралардың бәрін қолданған. «Малинка» атты ит арнайы авиабокста ұшқан. Алайда, ұшақ Оралға қонған соң ит қашып кеткен.


Нина Служаева әуе компаниясына арыз беру үшін полиция бөліміне және Азаматтық авиация комитетіне жүгінген. Олардан көмек ала алмаған соң, сотқа барды. Жануарының жоғалғаны үшін өтемақыны ол 1 млн теңгеге, моральдың зиянды 5 миллион теңгеге бағалады.


Сот тек 500 мың теңге зиян өтеуді тағайындады. Жолаушы мен оның сотта қорғаушысы бұл шешіммен келіспейтінін айтып, апелляция беретінін жеткізді.


«Сот өздігімен өмір сүруге бейімделмеген қорғансыз жануар тастап кетілгенін ескермеді, бұл «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының ережелерін бұзады»,  – Қорғаушы Альфия Сатыбаева.