Air Astana әуежайда қалып қойған Зеренің анасына 5 миллион теңге моральдық зиян өтеу бойынша шешімге аппеляция берді
Air Astana сот үкімі заңды күшіне енуге 2 күн қалғанда шешімге аппеляция берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz қорғаушы Данильхан Шагатаевтың инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
«Air Astana» тобы кішкентай қызды ұшаққа кіргізбей қою бойынша 5 миллион теңге моральдық зиянды өтеуге келіспейтінін білдірді. Тамыздан бері жалғасып келе жатқан соттасу аяқталмаған.
Еске салсақ, 20 шілдеде Орал тұрғыны Жазира Мусина өзінің әлеуметтік желілерінде FlyArystan әуекомпаниясы оның он екі жасар қызын Астана әуежайында жалғыз қалдырғанын айтты. Ал онымен бірге жүрген топ пен еріп алып жүретін адам Оралға қызды тастап, жөнелуге мәжбүр болған. 9 тамызда Taspanews.kz редакциясы даты бар анамен байланысып, авиакомпания болған оқиға үшін жауапкершілікті мойындады ма және қалайша қыздың жанында ешкім қалмағанын анықтады. Толығырақ оқу үшін сілтемені басыңыз: Зере ісі.
FlyArystan – «Air Astana» тобының бренді. Тасымалдау бойынша маманданады.